#Кәсібилік.

#Кәсібилік

Нағыз кәсібилер, әдетте, көзге түсу үшін арнайы күш-жігер жұмсамайды. Олар әріптестердің қарым-қатынасы, жалақы мөлшері немесе жұмыс орнында өткізген артық минуттары туралы алаңдамай, өз істерін шын көңілімен және үлкен жауапкершілікпен жасайды, - міне осылар оларды кәсіби етеді. Кәсіби адам - бұл, ең алдымен, тұлға.

 

Өзінің қабылетін көрсетуге тырысып, басқалардың құрметіне ұмтылу - соңғы іс. Бұл жиреніш және күлкі туғызады. Әріптестердің шын мәніндегі мойындауына өзін-өзі сыйлай отырып, өзіне қабылдаған кәсіби міндеттемелері ғана негіз бола алады. Мықты және тәуелсіз адамдарды, салмақты, білетін және жауапты қызметкерлерді сыйлайды.

 

Шын мәнінде, мұнда үлкен тәжірибе мен білімге қарағанда, психологиялық кемеліне келу маңыздырақ. Өзіңіздің жеке дербестігіңізді сақтауға және сізге салмақты көзқараспен қараған кезде арадағы қашықтықты сақтауға үйреніңіз. Жұмыста достасу емес, жұмыс істеу керек.

 

Сондықтан күшіңізді өз кәсібилігіңізді танытуға және оның танылмағанына күйінуге жұмсамай, өз жігеріңізді конструктивтік арнаға бұрыңыз – есейіңіз және өз жұмысыңызды қалай жақсы орындауға болатынын ойлаңыз.