#Бастамашылдық

#Бастамшылдық

 

Бірінші кезекте, әрине, өзіңе деген құрметке лайық болу керек. Басшымен тең дәрежеде сөйлесу үшін, өзіңді онымен тең сияқты сезіну керек. Сонымен бірге өз орныңды біліп, ешкімнің алдын орамаған жөн. Белгіленген субординацияны құрметтей білу жемісті идеяларды туғызу қабылеттілігінен төмен бағаланбайды.

 

Өз басшыңа құрметпен қарау керек. Ол қандай болмасын, қазір ол сіздің бастығыңыз және сізге онымен жанжалдаспай, ынтымақтасу керек. Тіпті сіз жағдайдың мән-жайын жақсы білгеннің өзінде де соңғы шешімді басшы қабылдауына мүмкіндік беріңіз.

 

Екінші маңызды сәт — бұл өзіңіз жұмыс істейтін компанияға сіздің көзқарасыңыз. Өзіңізді өз жұмысын жақсы орындайтын, бірақ оған айтқанды ғана жасайтын машина бұрандасы ретінде сезінуге болады, — бұл орындаушының ұстанымы. Бастыққа орындаушы – жолдас емес.

Жақсы бастық жағдайға басқаша қарайды – бұл оның компаниясы, ол оны алға сүйрейд, кәсіпорынның жетістігі оның қолында. Басшының ұстанымы - бұл іс туралы қам жейтін жақсы қожайынның ұстанымы.

 

Егер мансап сатысымен алға жылжығыңыз келсе, осындағы қатынасты өзіңізде дамыту қажет. Айқын нұсқауды күтпеңіз, одан әрі не істеу керектігін басшыдан сұрамаңыз – өз басыңызды жұмыс істетіңіз, бастыққа дайын ұсыныстармен келіңіз. Ол шешім қабылдасын және жеңімпаз белгісі, мейлі, оған тиесілі болсын, бірақ оның басында оған жақсы жүрісті сіз көрсетті деген ой қалатын болады.