#Уақытты бақылау

#Уақытты_бақылау

 

Әдетте, жұмыста кідіру жағдайы өз бастығыңның көңілінен шықпай қалам ба деген, одан тереңірек, жұмыстан айрылып қаламын ба деген қорқынышпен байланысты. Көбіне, бұл қалыптасқан өндірістік қатынастар мәселесі – коммерциялық кәсіпорындардың барлығы бірдей еңбек кодексін сақтай бермейді. Бұл көбіне «Яғни осылай болуы тиіс» деп ойлайтын осындай үндемейтін көнбіс қызметкерлердің өздерінің бастамасы.

 

Психологиялық тұрғыдан бұл тағы да өзін-өзі сыйлау және ішкі сезімінің толысуы мәселесі. Қызметкер ішінен өзін өзінің ата-анасына-бастығына бағынатын бала деп сезінгенде , оның сүйіспеншілігіне ие болу үшін, жағдайды бақылаудан айрылады және басшысына толық бағынышты болады.

 

Бастықты сыйлау керек, бірақ өзіңді сыйлау одан да маңыздырақ. Егер бастық әлсіздікті сезінсе, ол ешқандай жалтақтамай сізді дегеніне көндіреді, егер ол өзімен тең адамды көрсе, оның көзқарасы мүлде басқаша болады. Штатты қысқарту туралы мәселе қозғалғанда, бірінші кезекте осы әлсіз адамдар жұмыстан босатылады.